Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Талдықорғанда 15 жастағы қыз жездесінен жүкті болып қалған

Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қыз әпкесінің күйеуінен жүкті болып қалған.

Талдықорғанда 15 жастағы қыз жездесінен жүкті болып қалған
фото: Halyq Uni

Кәмелетке толмаған қыз Талдықорған қаласындағы орта оқу орындарының бірінде оқиды. Дәрігерлер оның жағдайын білгенде, қыз екі жақтың келісімі бойынша өзінің туған әпкесінің күйеуімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындады.

Жасөспірім қыз оқитын мектеп басшылығы оның 4 жасында анасынан айырылғанын айтты.

Анасының қазасынан кейін кейін әкесі екінші рет үйленіп, қыздың өгей шешесінен әпкесі болған, – деді ведомстводан.

Бойжеткен мектеп өміріне белсене араласып, жақсы оқиды екен. Ол көктемде босануға тиіс болған. Қазір полиция ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сараптама қорытындысын алғаннан кейін қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілетін болады. 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.