Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қаза тапты

Оңтүстік Кореялық БАҚ Қазақстан азаматының қайтыс болғанын жазды. 

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қаза тапты
Фото: pixabay.com

Кимхэбу полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға 20 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25 шамасында болған, деп жазады Stan.kz.

47 жастағы А. есімді Қазақстан азаматы Кимхэ қаласының Квандон ауданындағы 18-қабаттағы пәтердің төбесіне бояу жұмыстары үшін қорғаныс жолағын орнатып жатқан. Болжам бойынша, ол қауіпсіздік жолағын орнату үшін дренаждан өтіп бара жатқанда кертпеден құлап кеткен. Оқиғадан кейін қазақстандық азамат бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады, – делінген хабарламада. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қазақстан азаматы заңсыз жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін. Онымен бірге 50-ге жуық адам жұмыс істейді.

Кореяның Еңбек министрлігі жазатайым оқиғаның мән-жайын, соның ішінде "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы" заңның бұзылуын тексеріп жатыр. Ал полиция жұмыс орнындағы кісі өлтіру фактісіне тексеріс жүргізуде.