Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымккентте әйел "балмұздақ беремін" деп алдап, кішкентай қыздардың алтын сырғасын шешіп алған

Шымкентте әйел балалардың алтын сырғасын шешіп алған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шымккентте әйел "балмұздақ беремін" деп алдап, кішкентай қыздардың алтын сырғасын шешіп алған
Фото: видеодан скриншот

Тұран ауданының тұрғыны кішкентай қызының алтын сырғасын бір әйел шешіп алғанын айтып, шағымданған. Ол әйел аулада ойнап жүрген 7 жасар қызға барып, өзін "анаңның құрбысымын" деп таныстырып, "балмұздақ алып беремін" деп алдап, құлағындағы қымбат сырғасын шешіп, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тергеушілер барлық ықтимал куәгерлерді жауапқа тартып, оқиға орнына жақын орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Олар күдіктіні анықтап, ұстады.

Тергеуші Нұрдәулет Аязхановтың айтуынша, 23 жастағы күдіктінің басқа да қылмыстық істерге қатысы бар болып шыққан. Бұған дейін ол тағы бір кішкентай қыздың алтын сырғасын дәл осындай жолмен ұрлап кеткен, сондай-ақ егде жастағы әйелдің ақшасын телефонындағы интернет-банкинг арқылы өзіне аударып алған.