Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Таразда бақшасында марихуана өсірген 60 жастағы азамат ұсталды

«Қарасора-2020» республикалық жедел алдын алу шарасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері өз бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірген 60 жастағы Тараз азаматын ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Таразда бақшасында марихуана өсірген 60 жастағы азамат ұсталды
сурет ҚазАқпарат сайтынан

«Жалпы салмағы 60 келі болатын марихуана тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген департаменттің хабарламасында.

Жамбыл облыстық полиция департаменті тұрғындарға тыйым салынған өсімдіктерді немесе құрамында қарасора, көкнәр немесе басқа да есірткі заттары бар өсімдіктердің сорттарын өсіру немесе егу үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланатындығын ескертті.