Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақсуда ер адам полицейді үтікпен ұрып, білегінен тістеп алған

Ақсуда мас тұрғын полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, басынан үтікпен ұрып, білегін тістеп алған, деп хабарлады Paryz.kz.

Ақсуда ер адам полицейді үтікпен ұрып, білегінен тістеп алған
фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, сағат 21:00-де қала тұрғыны полицияға Қамзин көшесінде орналасқан пәтердегі отбасылық жанжал туралы хабарлап, көмек сұраған. Аталған мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді. Ол барған соң, тұрғын өзін агрессивті ұстап, жанжал шығарған мас ұлының үстінен шағымданған.

 Ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын елемей, агрессивті әрекет етіп, полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті. Ол үтікпен учаскелік полиция қызметкерінің басынан соғып, білегінен тістеп алды. Көмек көрсету үшін көрсетілген мекенжайға автопатруль жіберілді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адам алкогольдік мас күйінде болды. Осы жағдайды анықтау үшін құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді, – делінген Павлодар облысы ПД хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігі («Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.