Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Топырақ басып қалған»: Петропавлда құрылысшы жұмыс орнында қаза тапты

Петропавлда құрылыста жүрген 35 жастағы ер адам қаза тапты. Оның үстіне топырақ құлап, басып қалған, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Топырақ басып қалған»: Петропавлда құрылысшы жұмыс орнында қаза тапты
Фото: inform. kz

Қайғылы оқиға кеше кешқұрым болды. Құрылыста жұмыс істеп жүрген ер адамды абайсызда топырақ басып қалған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты түсінік берді.

«14 қыркүйекте Петропавл қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Партизан-Егемен Қазақстан көшесіндегі траншеяда жұмыс жүргізу кезінде 35 жастағы ер адамды топырақ басып қалғандығы туралы хабарлама түсті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық бабы бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.