Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Шымкентте алаяқ әйел ауруханадан қашып кеткен

Шымкентте аурухадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Paryz.kz.

Шымкентте алаяқ әйел ауруханадан қашып кеткен
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1983 жылы туған Феруза Корчиева алаяқтық жолмен өзінің танысының 12 миллион 700 мың теңгесін қолды еткен. Ол жәбірленушіні «банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін» деп сендіріп, ақшаны алған соң хабар-ошарсыз ізін суытқан.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр. Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерден қашып кеткен, – делінген полиция хабарласында.

ПБ өкілдері суретте көрсетілген әйелді көрген-білгендер болса, бірден полицияның «102» арнасына немесе 8 (7252) 33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09 байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.