Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Қоштасу хатын қалдырған»: Алматы облысында 4-сынып оқушысы ауыр халде табылды

Алматы облысында 4-сынып оқушысы дәрі ішіп өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоштасу хатын қалдырған»: Алматы облысында 4-сынып оқушысы ауыр халде табылды
фото: zakon.kz

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.

Онда 10 қыркүйек күні Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында №29 орта мектептің 4-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны айтылған.

«Бала өзіне қол жұмсамас бұрын қоштасу хатын жазып, бір қорап аспирин ішіп алған. Анасы баласын ауыр халде тапты», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, 11 қыркүйекте Талғар аудандық полиция басқармасына 1992 жылы туған азамат Б. жүгінген.

Айтуынша, 2013 жылы туған ұлы дәріден уланған.

«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша Талғар аудандық полиция басқармасында тіркелді. Тексеру барысында кәмелетке толмаған бала үйінде 10-ға жуық таблетка, болжам бойынша «ацетилсалицил қышқылын» ішкені анықталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу үшін сараптама тағайындалып, бүкіл қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.