Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Таразда директор кассирді дәретханаға қамап, өз мекемесін тонаған

Тараз қаласында шағын қаржы мекемесінің спорттық құмар ойындар салдарынан қарызға батқан директоры өз фирмасын тонаған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Таразда директор кассирді дәретханаға қамап, өз мекемесін тонаған
Фото: polisia.kz

Облыстық ПД мәдіметінше, 7 қыркүйекте Тараз қаласының «102» арнасына шағын қаржы мекемесіне тонау жасалғаны туралы хабарлама түскен.

«Полицейлер келгеннен кейін сол мекеме филиалының 47 жастағы директоры кассирді дәретхана бөлмесіне қамап, кассадан 24,5 млн теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кеткені анықталды», - делінген хабарламада.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған тонау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жеке құрамға шұғыл бағдар беріліп, «Тосқауыл» жоспары енгізілді.

«Сондай-ақ өзге де жедел іс-шаралар кешені жүргізілді, оның ішінде тонаушының туыстарымен және айналасындағы жақын араласатын адамдармен байланыс жасалып, нәтижесінде күдікті қала аумағынан тыс жасырынып үлгермей, өз еркімен ұрланған ақшаны алып, полиция органына келуге мәжбүр болды», - делінген хабарламада.

Жауап алу барысында ұсталған азамат құқыққа қайшы жасалған әрекетіне өкініп, мұндай мәжбүрлі, үмітсіз қадамға спорттық құмар ойындар салдарынан ұтылысқа ұшырағаны және кезінде осындай құмар ойындар үшін алған 5 несие бойынша жинақталған қарыздарға байланысты барғанын айтып түсіндірді.

Қазіргі таңда күдікті уақытша қамау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.