Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Үндістанда бес жыл бұрын жоғалып кеткен тележүргізушінің денесі табылды

Үндістанның Корба қаласының (Чхаттисгарх штаты) полициясы бес жыл бұрын жоғалып кеткен тележүргізуші Салма Сұлтана Лашкардың сүйегін тапты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Үндістанда бес жыл бұрын жоғалып кеткен тележүргізушінің денесі табылды
Фото: Azattyq Ruhy

Indian Express басылымының жазуынша, жергілікті арналардың бірінің тележүргізушісі 2018 жылдың соңында жоғалып кеткен, ол кезде ол 30 жаста болған. Оның сүйегі ұлттық автомагистральдың астынан табылды.

Құқық қорғау органдарының болжамынша, Лашкар 2018 жылдың қазанында фитнес нұсқаушы болып жұмыс істейтін 37 жастағы жігітінің құрбаны болған. Полиция пайымдауынша, жігіті оны ықтимал қаржылық келіспеушіліктерге байланысты өлтіріп, артынан екі сыбайласының көмегімен мәйітін елсіз жерге көміп кеткен. Ал бір жылдан соң ол жерде автомагистраль құрылысы басталған.

Күдіктілердің барлығы апта басында қамауға алынды. Жергілікті полиция бастығы Удая Кранның айтуынша, тергеушілер журналист пен оның туыстарының ДНҚ үлгілерін жинауды жоспарлап отыр. Бұл сүйек қалдықтарының кімге тиесілі екенін түпкілікті анықтау үшін қажет.