Қостанай облысындағы тасжолда жол апатынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлады Paryz.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 тамызда Қарабұтақ – Қостанай тасжолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды.
Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемей, жол қозғалысы үшін жабық технологиялық учаскеге барғаны анықталды, – делінген ПД хабарламасында.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі («Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.