Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, М.Жүсіп көшесінде тұрған үйдің үшінші қабатында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 13:38-де түскен.
«Өрт сөндірушілер баспалдақтың көмегімен екі адамды астына түсірді және тағы екі адам эвакуацияланды. Сағат 14:00-де өрт сөндірілген болатын. Өкінішке орай, өрт шыққан жерден 51 жаста болған ер адамның денесі табылды»,– деді департаментте.
Өрттің жалпы аумағы 18 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына үш бірлік техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмылдырылды. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.