Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Абай облысында жол бойында отырған адамды көлік қағып, мерт қылды

Абай облысының Көкпекті ауданында ер адамды көлік қағып, мерт қылды, – деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысында жол бойында отырған адамды көлік қағып, мерт қылды
фото: polisia.kz

13 тамыз күні сағат 22:22 шамасында «102» арнасына облыс орталығының 46 жастағы тұрғынынан Жансары ауылының маңындағы Көкпекті – Васильев өткелі тасжолымен жүріп келе жатып, көлігімен тас жолда отырған белгісіз бір адамды қағып кеткені туралы хабар түскен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам сол жерде алған дене жарақатынан қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды»,-делінген хабарламада.