Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Түркістанда лифт шахтасына құлаған әжейдің видеосы пайда болды (ВИДЕО)

Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап қаза тапты. Оқыс оқиғаның видеосы пайда болды. Видеодан лифт шахтасына құлап кеткен әжейдің сөйлеп жатқаны есітіледі, деп хабарлайды Massaget.kz.

Түркістанда лифт шахтасына құлаған әжейдің видеосы пайда болды (ВИДЕО)
Фото: massaget.kz

Жантүршігерлік оқиға, 13 тамызда кешкісін болған. Әжей Жаңа қаладағы №6 көпқабатты үйдің 3 қабатына жедел саты арқылы көтерілмек болғанда, лифт шахтасына құлап кеткен. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Билік өкілдері сол күні лифтіні жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын айтады. Әжейдің есікті қалай ашып, құлап кеткені әзірге белгісіз. Өйткені, оны бірінші көрген көршісінің айтуынша, "лифтінің есігін ашуға соқталдай азамат болмаса, егде тартқан кісінің шамасы жетпейді. Мен келгенде апа астында құлап жатты", - дейді.

Содан бірден жан-жақтан көмек сұрап,жедел-жәрдем шақырған. Арнайы құтқарушылар оны сыртқа алып шыққан. Адам тасымалдайтын кереуетте жатып, ауруы жанына қатты батқан әже "Ойбай, өлдім!" деп даусы әзер шығып тұрғанын айтады көршілер. Алайда, ауруханаға жеткенде, әже көз жұмған.

Лифт мүлде істемейді, арнайы белгілер қойылмаған және жарық шамдар өшірулі тұрады деп, - ашынды тұрғындар.

Олар балалар немесе сырттан келгендер құлап кете ме деген үрей құшағында отырғанын айтады.

Бұл үйлер 2022 жылдың ақпан айында тапсырылған. Содан бері осындағы жұрт лифтінің тоқтап, жиі бұзылып жатқанын айтады. 5-қабатта тұрғын үйдің лифтілерін жөндеумен айналысатын Lift Pro servis компаниясы жеделсатыны жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Үйді "Ақ Ордасы корпорациясы" ЖШС салған.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаменті істің мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Ресми ақпаратты тергеу жұмыстарынан соң белгілі болады.