Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақмола облысында ер адам тоққа түсіп, мерт болды

Ақмола облысында су сорғысын жөндемек болған ер адамды тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында ер адам тоққа түсіп, мерт болды
фото: inform.kz

Ведомствоның мәліметінше, ер адамның мерт болғандығы туралы Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.

«Жедел тергеу тобы анықтағандай, 1988 жылғы ер адамға су сорғыны жөндеу кезінде тоқ соққан. Осы дерекке байланысты сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді ведомстводан.