Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты
фото: polisia.kz

Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған. Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышы бетпе-бет соқтығысқаны анықталды.

«Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», - деді ІІМ баспасөз қызметінен.

AMP

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.