Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Paryz.kz полицияға сілтеме жасап.
Сарыөзек-Жаркент тасжолының 323-шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктері бір-біріне соғылды.
Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт тізгіндеген.
Автокөліктер соқтығысқан кезде екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ бесеуі оқиға орнынан жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Полиция көлік жүргізушілерінен жол ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.