Өскеменде15 жастағы қызды зорлап кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq rýhy-на сілтеме жасап.
Полиция департаменті зорлау фактісін растады. Онда күдіктінің ұсталғанын атап өтті.
«Өскемен ПБ Ертіс полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот сараптамалары тағайындалды. Істің мән - жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полициядан.
Сондай-ақ, полиция қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін атап өтті.