Жетісу облысында жол апатынан бала жарақат алып, әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дерек 8 тамыз күні Mercedes Benz көлігінің қатысуымен Көксу ауданында тіркелді. Неміс шетелдік көлігін 39 жастағы ер адам басқарған. Ол Алматы-Өскемен тас жолының 235 шақырымында көліктің аударылуына жол берген.
Оқиға орнында жүргізушінің 35 жастағы әйелі қайтыс болды. Сондай-ақ екі жасар бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.