Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жазғы лагерьге бара жатқан 13 жастағы бала пойызда қайтыс болды

Бүгін, 7 тамызда № 625 "Атырау-Астрахань" пойызының жолында 2010 жылы туған бала қайтыс болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жазғы лагерьге бара жатқан 13 жастағы бала пойызда қайтыс болды
Фото: Azattyq Ruhy

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, ол бір топ баламен бірге лагерьге бара жатқан. Олардың жандарында төрт тәрбиеші болған. Әр бала өздігініше тамақтанған.   

«Пойыз жүргеннен кейін, 1,5 сағаттан соң бала өзін нашар сезінді. Пойыз бригадасы нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеді, жедел жәрдем шақырылып, Нарын станциясына келді. Келген медицина қызметкерлері баланың қайтыс болғанын растады», - делінген хабарламада.

Өлімнің себептері сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.