Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Меркіде 2 бала бассейнге батып кетті

Жамбыл облысы Меркі ауданында демалыс орнында кәмелетке толмаған екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Меркіде 2 бала бассейнге батып кетті
фото: inform.kz

Оқиға 2 тамыз күні кешкі сағат 18:58-де Меркі ауданы Меркі ауылы Исмаилов көшесі 200 «Б» мекенжайында орналасқан «Big Family» демалыс аймағының аумағында болған.

«Демалушылар 2012 жылы және 2010 жылы туған екі баланың денелерін судан алып шықты. Олар ересектердің қарауынсыз және демалыс аймағының құтқарушыларының назарынан тыс қалып, көше бассейнінде жүзу кезінде суға батып, оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.