Маңғыстау облысында іздеу жарияланған жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлады еріктілердің әлеуметтік желідегі Lider.kz парақшасы.
Жоғалған азаматтың жасы 27-де. Ол 29 шілдеде таңғы сағат 10:00 шамасында үйден шығып кетіп, сол күйі қайта оралмаған.
"Атамекен ауылының Самар көшесіндегі үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Арықша келген, көк футболка, қара трико, қара аяқ киімі болған. Өкінішке қарай ол өлі табылды", - деп жазды Lider.kz.