Сейсенбі, 1 тамызда 21:50 шамасында «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында екі астық қоймасы қирады. Бұл туралы Paryz.kz ҚР ТЖМ Өндірістік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Болжам бойынша, оған найзағай түскен. Бұл жағдай апат деп қарастырылады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ведомство.
Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облыстық департаментінің Өндірістік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
«Оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрі анықталғаннан кейін, департамент апатты тергейтін комиссия құрады. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады», - деп толықтырды Өндірістік қауіпсіздік комитеті.