Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қызылордада полицейді пышақтап кетті

Қызылорда қаласында полиция қызметкерін пышақтап кетті. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде жазылды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қызылордада полицейді пышақтап кетті
Фото: inform. kz

Деректі облыстық Полиция департаменті растады. Оқиға қаланың Титов мөлтек ауданында болған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 2-бөлігінің 6-тармағымен қылмыстық іс тіркелді. Онда адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қолсұғушылық жағдайы көрсетілген. Бұған байланысты жан-жақты және объективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сәйкес, тергеудің өзге деректері жария етуге жатпайды», - деп мәлім етті ведомстводан.