Өртпен 140 мың маман арпалысып жатыр. Штаттың ұлттық гвардиясы қауіпті аймақтардан тұрғындарды әлі де эвакуациялауда.
Зардап шеккендердің арасында жергілікті тұрғындар мен өрт сөндірушілер бар.
Ауруханаға тікұшақпен жеткізілген 3 науқастың біреуі ауыр халде жатыр. Мамандар Сьерра ұлттық саябағынан 150-ден астам адамды ажалдан аман алып қалды. Ақпарат көздеренің хабарлауынша, қызыл жалын шарпыған жердің көлімі 930 мың 700 гектарға ұлғайып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Жергілікті билік мұндай жағдай штат тарихында бұрын болмаған дейді. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін аптап ыстық пен қатты жел кедергі келтіруде.
Айта кетейік, қазір Лос-Анджелесте ауа температурасы 49 градустан асып отыр. Салдарынан 193 мың тұрғы үй жарықсыз қалды.
«Желдің бағыты өзгере бергендіктен, жалын жан-жаққа лезде шарпып жатыр. Күн ысып тұр. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Тілсіз жауды ауыздықтауға мыңдаған адам тартылды. Қазір 5 мыңнан астам ғимаратқа қауіп төніп тұр», - Калифорния орман шаруашылығы департаментінің өкілі Эдвин Зунига хабарлайды.