Астанада парашютпен секірген 58 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 31 шілдеде болған.
"Алматы ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне көпсалалы қалалық ауруханадан науқастың реанимация бөлімінде қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. 58 жастағы ер адамды жедел жәрдем бригадасы Астана-Көкшетау тас жолында орналасқан парашют клубынан алып кеткен", - дейді ведомстводағылар.
Полиция мәліметінше, қазір тергеу басталды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар жасалады.