Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Ұлытау облысында достарымен бірге демалып жүрген жас жігіт суға батып кетті

Ұлытау облысында достарымен бірге демалып жүрген жас жігіт суға кетті, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысында достарымен бірге демалып жүрген жас жігіт суға батып кетті
Фото: stan.kz

«30 шілдеде, сағат 17:30-да Кеңгір су қоймасының солтүстік-шығыс жағалауында 2000 жылы туған жас жігіт тыйым салынған жерде суға түсу кезінде батып кетті. Оқиға туралы құтқарушыларға бірге демалыста болған достары хабарлаған. Құтқарушы-сүңгуірлер суға батқан адамның денесін жағадан 8 метр қашықтықта, 3,5-4 метр тереңдіктен тапты. Бұл жерде су қоймасының түбі бір келкі емес, тереңдікте күрт төмендейді. Жанында болған куәгерге ӘҚБК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жаза белгіленді» делінген хабарламада. Ұлытау облысының ТЖ департаменті шомылу кезеңінде қайғылы жағдайға жол бермеу үшін судағы ережелерді сақтауды ескертеді: - Жабдықталмаған жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынады! - Жүзе алмайтын болсаңыз, белден жоғары суға түспеңіз! - Балаларды қараусыз қалдырмаңыз! - Мас күйде шомылмаңыз! - Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз! - Түнде шомылмаңыз!