Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Жаңаөзенде жұмысшы электр бағанасының басында қайтыс болды

Жаңаөзенде электр энергиясымен жабдықтаушы мекеменің қызметкері электр бағанасында қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды 

Жаңаөзенде жұмысшы электр бағанасының басында қайтыс болды
фото: inform.kz

Оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында болған.

Жаңаөзен қаласы Рахат-3 ықшамауданы, 24-көше, 119-үйдің жанындағы жоғары вольтты электр бағанасында адам тұрғаны туралы диспечерлік жедел жәрдемге ақпарат түсті. Жоғары вольтті (380 В) электр бағанасында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белгісіз себептермен «Өзенэнергосервис» МКҚК-нің 1992 жылғы қызметкері ток соғып, сол жерде қайтыс болғаны анықталды, - делінген баспасөз мәлімдемесінде