Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Семейде әйелдерді көйлегінің астынан суретке түсірген ер адам ұсталды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Абай облысы ПД қызметкерлері белгісіз ер адамның әйелдерді киімдерінің астынан суретке түсірген бейнежазбаны анықтады.

Семейде әйелдерді көйлегінің астынан суретке түсірген ер адам ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Тәртіп сақшылары облыс орталығының 55 жастағы тұрғынының жеке басын анықтады.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігі ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды,яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларды қорлау, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер.

Осы баптың санкциясымен он бес күннен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген.

Материал шешім қабылдау үшін Семей қаласының әкімшілік сотына жіберілді.