Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Көкшетауда бойжеткен мектеп ауласында асылып қалған

Көкшетауда мектеп аумағында асылып қалған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі 716.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетауда бойжеткен мектеп ауласында асылып қалған
Фото: әлеуметтік желіден

Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлағандай, 20 шілдеде «102» арнайы желісіне Әуелбеков көшесі, 177 мекенжайында орналасқан №16 орта мектептің аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғаны туралы телефон хабарламасы түскен.

Оқиға орнына Көкшетау ПБ жедел-тергеу тобы жіберілді. Қыздың жеке басы анықталды, ол Көкшетау қаласының 2004 жылы туған тұрғыны болып шықты, - делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

Қазіргі кезде сараптама тағайындалып, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.