Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматыда жас келіншек балаларының көз алдында асылып қалған

Алматыда жас келіншек балаларының көз алдында суицид жасап көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда жас келіншек балаларының көз алдында асылып қалған
Фото: Azattyq Ruhy

Қоғам белсендісі Жібек Әменова әлеуметтік желіде хабарлағандай, қайғылы оқиға Мамыр шағынауданында болған.

«Көршілерінің айтуынша, марқұмның жиі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келген... Бәрін тергеу анықтай жатар. Құзырлы органдардан осы істке қатысты әділ тергеу жүргізілуі және бақылауға алынуын талап етемін», - деп жазды Ж. Әменова.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген қалалық ПД өкілдері қазіргі кезде аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

«Әуезов ауданы әкімшілігіне қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылы туған азамат Б.-ның өлімінің себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады полицейлер.