Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлады Paryz.kz
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Бәйдібек аудандық ПБ-ға бүгін сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама түскен. Облыстық маңызы бар Екпінді – Созақ тасжолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды.
Апат салдарынан көлік құралдары өртеніп, 9 адам қаза тауып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.
Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына бірден Түркістан облысының ПД басшылығы барды. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша Бәйдібек аудандық ПБ полицейлері жұмыс істеп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда, – деді Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.