Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

7 адам мерт болды: Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, жолаушылар опат болды, деп хабарлайды Paryz.kz полицияға сілтеме жасап. 

7 адам мерт болды: Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды
фото: ПД

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жола апаты бүгін, 16 шілде күні сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82 шақырым тұсында маркасы Chevrolet Cobalt автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысты.

Жол апатының салдарнан салдарынан Chevrolet Cobalt  көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы,  Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Құрметті тұрғындар, көлік жүргізушілері, жолаушылар! Жол апатының арты ауыр зардаптарға әкеп соқтырады! Өзіңіздің және өзгенің өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарамаңыз! Аталған екі автокөліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды, - деді Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.