Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Дикий Арманның" оң қолы: ІІМ Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуін неге әлі ұстай алмай жүр

Бүгін ІІМ "Дикий Арманның" қылмыстық тобының 80-нан астам мүшесі ұсталғанын мәлім етті. Бірақ олардың қатарында белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев жоқ болып шықты, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

"Дикий Арманның" оң қолы: ІІМ Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуін неге әлі ұстай алмай жүр
Фото: әлеуметтік желіден

Бірінші кезең халықаралық іздеуде жүрген, қылмыстық ортада “Нойс” деген лақап атымен белгілі Жұмагелдиевтің “оң қолы” басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың негізгі криминалдық буынын жоюға бағытталды. Мәселен, 19 сәуірде Алматы қаласының, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде 2018 жылы Алматыда орын алған адам өлтіруге оқталуға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды, – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

БАҚ "Дикий Арманның" "Нойс" лақап атымен танылған оң қолы – белгілі айтыскер ақын, блогер Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев екенін жарыса жазып жатыр.

ІІМ оның қоластындағылар ұсталғанымен, өзі әлі халықаралық іздеуде жүргенін нақтылады.

Алайда “іздеудегі” күдіктінің Түркияда ешкімнен бой тасаламай-ақ емін-еркін өмір сүріп жатқанын Айнұр Тұрсынбаеваның Instagram парақшасына жүктейтін отбасылық фото-видеоларынан көруге болады.

Әлеуметтік желілерде "Дикий Арманның" мен "Нойстың" бірге түскен суреттері көп, фотолардан олардың тығыз байланыста болғаны аңғарылады.