Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Астанада төбелескен боксшы Бейбіт Шүменовтің үстінен тергеу жүріп жатыр

Танымал кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы Mega Silkway сауда ойын-сауық орталығында жанжал шығарып, қолында баласы бар ер адамды соққыға жықты.

Астанада төбелескен боксшы Бейбіт Шүменовтің үстінен тергеу жүріп жатыр
фото: proboxing-fans.com

Ойын алаңында екі бала керісіп қалған. Содан екеуінің әкесі жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Оқиға орнына келген полицейлер бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов пен қала тұрғыны Азизбек Қадыровтың төбелесіп қалғанын анықтады.

Бала ұстап тұрған Азизбек Қадыров жарақат алып, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бұл іспен айналысқан учаскелік инспектор қылмыс құрамын таппады. Алайда төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткеннен кейін сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеріс басталды.

Астана қалалық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазір «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Желіде жәбірленушінің адвокаты да өз видеосын жариялады. Оның айтуынша, 18 маусымнан бері тәртіп сақшылары да, прокурорлар да ешқандай шара қолданбаған.