Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Он жылда он жалдамалы пәтер ауыстырдым»: Еркебұлан Шынәлиев өзіне басшылардың пәтер беріп, кейін қайтып алғанын айтты

Бокстан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев көпшілік біле бермейтін шындығын айтты. Боксшының мәліметінше, оған Олимпиададан кейін уәде етілген пәтерді ешкім бермеген, деп жазады "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған Paryz.kz.

«Он жылда он жалдамалы пәтер ауыстырдым»: Еркебұлан Шынәлиев өзіне басшылардың пәтер беріп, кейін қайтып алғанын айтты
Фото: видеодан скриншот

"Маған 2008 жылдың аяғында "Жыл спортшысы" атағын берді. Сол кезде "Оңтүстік" мейрамханасында мені марапаттап, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Тіпті, сол пәтерді апарып көрсетті де. Ол кезде "Нұрсәт" шағын ауданы енді салынып жатқан. Сантехникалық жұмыстар біткен соң, пәтер берілетінін айтты. Сонмен бәрі бітті. Ешқандай пәтер берген жоқ. Кейін қолыма 1 жарым миллион теңге ұстатып, соған пәтер сатып ал деді. Ол кезде бір бөлмелі пәтердің бағасы 7-8 миллион теңге тұратын. Бізде бәрі көзбояушылық қой.

Соңғы он жылдан бері он рет жалдамалы пәтер ауыстырған шығармын. Қазір қаладан шаршадым. Шешемнің қолында кіші інім бар. Отбасыммен сол жаққа көшіп кеттім. Қалада қанша аудан бар, соның бәрінде тұрып шықтым. Айына 60, 80, 100 мыңнан төледім. Өткізіп қойған ештеңем жоқ, әрине. Басшылар мұны неге спорт мектебіне басшы қылып қоямыз деп ойлайтын шығар. Спорттан кеткеніме 13 жыл болды, еш жерде жұмыс істемедім", - деді Шынәлиев.