Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жаркенттіктер кек алу үшін таныстарын атып өлтірді

Күдіктілердің айғақтары мұқият тексерілетін болады. Олар уақытша қамауға алынды.

Жаркенттіктер кек алу үшін таныстарын атып өлтірді
фото: ашық дереккөз

Жаркент қаласында ер адамға оқ атылып, ол сол сәтте көз жұмған, деп хабарлады paryz.kz, Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"3 қаңтарда Панфилов аудандық полиция бөліміне Жаркент қаласынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кейін Жаркент қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ер адамдар кек алу мақсатында таныстарына тапанша кезегендерін мойындады. Күдіктілердің айғақтары мұқият тексерілетін болады. Олар уақытша қамауға алынды", - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі, 7-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.