Қарағандыда жол апаты болып, жүргізуші көлігімен бірге тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 маусым күні сағат 18:00 шамасында Қарағанды қаласында Федоров су қоймасына барар жолда, «Мерседес Бенс 124» автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, ағашпен соқтығысып, көлік өртеніп кетті.
Салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.