Қылмысты жасыруға тырысқан 2 полиция бөлімінің қызметкерлері де тергеуге алынды.
ШҚО-да бұрынғы сүйіктісін зорлаған экс-полицей 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады paryz.kz, «Еуразия бірінші» телеарнасына сілтеме жасап.
Ер адам бұрынғы сүйіктісін арадағы қарым-қатынасы үзілгеннен кейін 1 жыл өткен соң дүкенде кездестіріп қалған. Тергеу материалдарына сәйкес, ол әйелді күштеп көлікке отырғызып, әуежай жаққа алып барған. Сосын ұрып-соғып, зорлаған.
Әу баста жергілікті полицейлер әріптесінің қылмысын жасыруға тырысқан. Қылмысты жасыруға тырысқан 2 полиция бөлімінің қызметкерлері де тергеуге алынды.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің аға прокуроры Әсет Мұқашевтің айтуынша, бұрынғы полицейге қатысты ұрлау, зорлау және бұзақылық баптары бойынша айып тағылды. Айыпталушы аппеляциялық шағым түсіргенмен, аппеляциялық алқа соты үкімін өзгеріссіз қалдырды.