Астанадағы «City lake» тұрғын үй кешенінің 12-ші қабатынан әйел мен бала құлап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қайғылы жағдай күндізгі сағат 2 шамасында болған.
«9 маусымында сағат 14.19-да 102 арнасына Сығанақ көшесінде 12-қабаттың терезесінен бала мен әйел құлағаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды, бала ауруханада қайтыс болды», - делінген Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сараптама тағайындалды. Полициядағылар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайтынын мәлімдеді.