Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Семейде жаппай төбелес болып, 13 жастағы бала пышақ жарақатын көз жұмды

6 маусым күні Абай облыстық балалар клиникалық ауруханасына пышақ жарақатымен 13 жастағы жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Семейде жаппай төбелес болып, 13 жастағы бала пышақ жарақатын көз жұмды
фото: inform.kz

Тексеру барысында су қоймасы маңында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жанжалдың бүкіл қатысушылары анықталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Қазіргі уақытта бірқатар тергеу шаралары жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді», - деп хабарлады полициядан.

Полиция ата-аналардың жасөспірімдерді қараусыз қалдыруы олардың арасында жазатайым оқиға немесе құқықбұзушылық жасауына себеп бола алатынын еске салады.