Қостанай тұрғыны 8-қабаттың терезесінен секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі мәйіттің табылу фактісі бойынша 41 жастағы Қостанай тұрғыны Фролов көшесінің бойындағы үйдің 8-қабатынан секіріп, өз-өзіне қол салғанын хабарлайды», - делінген полиция хабарламасында.
Ведомстводан атап өткендей, ол алған жарақатынан көз жұмған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты. Сәйкес сараптама тағайындалды.