Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте мастар екі учаскелік полицейдің "аузы-мұрнына қан жалатты"

Кейін көмекке келген бірнеше полиция экипажы таяқ жеген әріптестерін арашалап, бұзақыларды түгел ұстады.

Шымкентте мастар екі учаскелік полицейдің "аузы-мұрнына қан жалатты"
фото: ktk.kz

Бүгін Шымкентте аулада тұрған 6 жігітке ескерту жасаған тәртіп сақшылары олардан оңбай таяқ жеп қалды, деп хабарлады paryz.kz.

Полицейлердің айтуынша, бұзақылар оларды баспен де, таспен де төмпештеген. Яғни топтасып тұрған бұзақыларға екі учаскелік полицей барып, көшеде ішіп-шекпеу туралы ескерту жасайды. Сол сәтте әлгілер екеуін боқтап, тіпті, жұдырық ала жүгірген.

Кейін көмекке келген бірнеше полиция экипажы таяқ жеген әріптестерін арашалап, бұзақыларды түгел ұстады. Ал олардың таяққа жығылған екі әріптесіне жедел жәрдем фельдшерлері көмек көрсеткен.

Қазір тәртіп сақшыларына қол жұмсаған 3 азамат қамауда отыр. Оларға қатысты екі баппен іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.