Қызылорда қаласында жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Олардың 1-уі оқиға орнында көз жұмса, 2-уі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 5 маусымда түнгі уақытта Қызылорда қаласындағы Абай даңғылы мен Есенов көшесінің қиылысында болған.
«Жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қаққан. Оқиға салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 2 адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.