Әлеуметтік желіде Жаңаөзендегі жолда көлікпен келе жатқан түлектер түсірілген видео пайда болды. Маңғыстау облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілердің жауапкершілікке тартылғанын айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде түлектер көлік терезелерінен беліне дейін шығап алған видео пайда болды.
Облыс полицейлері 30 мамырда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Ақсу, Жаңаөзен ықшамауданындағы жолдардың бірінде мектеп бітірушілер жасаған бірнеше құқық бұзушылықтарды анықтағанын хабарлады.
Daimler Chrysler көлігіндегі жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпай тәртіп бұзған. Жаңаөзен қаласының патрульдік полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісін анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде талаптарды, жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын сақтамау" бойынша хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, Mercedes Benz E 320 көлігінің жүргізушісі бірден екі құқық бұзушылық жасаған. Ол ӘҚБтК-нің 614-бабы "Көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау" бойынша талаптарды бұзып, жол қозғалысының басқа бөліктеріндегі көліктердің жүруіне кедергі жасаған. Осы бап бойынша 21 жастағы жігіт жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, осы көліктің артқы орындығында отырған жолаушылардың қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталып, ӘҚБтК-нің 593-бабы 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.
"Заң бойынша BMW 5251 автокөлігінің жүргізушісі де жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Түлектер денелерін терезеден шығарып, жол қозғалысы ережелерін бұзды.
Құрметті жүргізушілер, Маңғыстау облысының жол полициясы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырады", - деп хабарлайды облыстық полиция басқармасы.