Жаңаөзенде ер адам кәмелетке толмаған қызға қатысты азғындық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаментінен хабарланды.
Instagram әлеуметтік желісінде 49 шағын аудандағы 4 үйдің ауласында бүлдіршінге азғындық жасауға тырысқан ер адам ұсталды деген ақпарат пайда болды.
Тұрғындардың айтуынша, ер адам алты жасар қызды шешіндіріп, оның әуретті жерін ұстай бастаған. Мұны қыздың анасы терезеден көріп қойған.
Маңғыстау облысының полиция департаментінде бұл оқиғаны растады.
«2023 жылғы 28 мамырда сағат 17:00 шамасында «102»кезекшісінің пультіне Жаңаөзендегі 4 шағын ауданда ер адам кәмелетке толмаған қыздың интимдік жерлеріне қол тигізгені туралы ақпарат келіп түсті. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 124 - бабы бойынша Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді», - деп хабарлады аймақ полициясы.
Ведомствоның мәліметінше, 37 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.