Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Paryz.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 27 мамырда Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында болған.
Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16:45-те түскен. Балалар бұзау іздеп үйден шығып, қайта оралмаған. Сағат 18:30-да балалардың бірінің денесі судан шығарылды, екіншісі әлі іздестіріліп жатыр. Олар 12 жаста болған.
Құтқарушылар, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар екінші баланы іздеп жатыр.