Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Алматыда қарақшылар дүкенге тапаншамен шабуыл жасады

"Буран-288" патрульдік полиция экипажы осы қылмысқа қатысы бар Алматы облысы Талғар ауданының 20 жастағы тұрғындарын ұстады.

Алматыда қарақшылар дүкенге тапаншамен шабуыл жасады
фото: дереккөз

Алматының Түрксіб ауданында орналасқан азық-түлік дүкеніне қарулы шабуыл жасалды. Ол туралы дабыл "102" басқару пультіне түнгі сағат 1-де келіп түскен, деп хабарлады paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаланың жедел кезекшісі дереу жақын маңдағы патрульдік экипажды ауыр қылмыс болған жерге бағыттады.

"Полицейлерді дүкенде 72 жастағы әйел қарсы алды. Оның айтуынша, ғимаратқа медициналық бетперде киген төрт ер адам кіріп келіп, тапаншамен қорқытып, оны бір рет аспанға атып, ақша сұраған. Алайда, олар дүкенде тағы бірнеше сатушы бар екенін көріп, қорқып, қашып кеткен. Бірақ екеуі жасырынып үлгермеді. "Буран-288" патрульдік полиция экипажы осы қылмысқа қатысы бар Алматы облысы Талғар ауданының 20 жастағы тұрғындарын ұстады. Тінту барысында күдіктілердің бірінен пневматикалық тапанша анықталды және тәркіленді", – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шабуылдың басқа қатысушыларының жеке бастары анықталды. Оларды ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Бұл факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша тіркелді.