Павлодар облысында Екібастұз қаласының тұрғынын белгісіз біреулер атып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz полицияға сілтеме жасап.
15 мамыр сағат 17:40 шамасында Екібастұз полициясына Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адам көмек сұрап жатқаны туралы хабар түсті.
Аталған мекенжайға дереу жедел-тергеу тобы жіберілді.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, зерделеді.
Беймәлім адам белгісіз атыс қаруынан Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны белгілі болды. Ер адам ауруханаға жатқызылды.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы, 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілердің бірі ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.
Екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.