Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Елордада жаңа салынған тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Астанада Abu Dhabi Plaza сауда-ойын-сауық орталығының жанында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешені отқа оранды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Елордада жаңа салынған тұрғын үй кешенінен өрт шықты
Фото: Azattyq Ruhy

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт шыққан ғимарат Ақмешіт көшесінің бойында орналасқан.

«11 мамырда сағат 15:01-де Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысындағы жаңа ғимараттан қара түтін шығып жатқаны туралы түскен хабарлама бойынша оқиға орнына барды. Жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің аумағында битум мен сыртқы жабынның жанып жатқаны анықталды», - делінген ТЖД хабарламасында. 

Өрт сағат 15:17-де оқшауланды.

Ведомство өкілдері қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.